Қоғам • 07 Тамыз, 2023

Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау-Астрахань» бағытында жүрген пойызда 13 жасар бала көз жұмды, деп жазады Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды

Қайғылы оқиға 7 тамыз күні болған.

«№ 625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала төрт тәлімгер және балалармен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамағын жеген. Пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін нашар сезіне бастады. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, жедел жәрдем қызметі Нарын станциясына шақырылды. Медицина мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді», делінген хабарламада.

Баланың қайтыс болу себебі сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.