Байқау • 09 Тамыз, 2023

Алматыда «Tolyq Adam» байқауының гранд-финалы өтті

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12 шілдеде Алматы қаласында 300-ге жуық адам қатысқан «Tolyq Adam» байқауының гранд-финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Tolyq Adam» байқауының гранд-финалы өтті

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың идеясын қолдауға бастамашы болып, еліміздің креативті экономикасын дамытуға бағытталған, сондай-ақ өршіл, шығармашыл адамдарды біріктіріп, олардың идеяларын дамытуға және іске асыруға серпін беруге арналған.

Сонымен қатар Абай күнін мерекелеу қарсаңында бұл жоба «Tolyq Adam» («a person of intergrity», «толық адам» идеясы) идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шараларға серпін берді, онда үйлесімді және толық тұлғаның ең негізгі қасиеттері әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, адамның үнемі жетілдірілуі және білімге ұмтылу.

Сондықтан осы байқаудың бағыттары «Бизнесті» қамтыды, онда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өздерінің стартаптарымен және бейнеконтенттерімен бөлісуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар режиссерлер мен бейнемейкерлер өздерінің бейне жобаларымен қатысты. Жүлде қоры екі жеңімпазға арналған 6 000 000 теңгені құрады, олардың жұмыстары  «Tolyq Adam» жобасын іске асыруға бағытталуға тиіс болды.

Офлайн іс-шараларға қатысу Қуаныш Бейсек пен Расул Абдуллаевтың «бейнеконтент» бағытындағы, сондай-ақ Ақсұлтан Қалиев пен Руслан Хайруллаевтың «Бизнес» бағытындағы тәлімгерлігімен сүйемелденді.

Биылғы жылдың мамыр және маусым айларында тіркеу кезінде 1800-ге жуық адам конкурсқа қатысуға ниет білдірді және тек 20 адам ғана жіберіліп, олар өздерінің сүйікті Dudeontheguitar, Bonapart, Introvert, Colorit, Akim әртістерінің қойылымдарын, сондай-ақ керемет фотосуреттер түсіруге болатын интерактивті аймақтар, ұлттық стильдегі әдемі боди мен фейсарт,  сондай-ақ қолөнермен айналысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараны Виталий Бужан мен Kaizen Center қолдап, финалистерге құнды сертификаттар берді.

Жоба соңында Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 3 жеңімпаз таңдалды, олардың жұмыстары көрермендер мен тәлімгерлерді таң қалдырды. Жеңімпаздардың жобалары Ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту, еліміздегі мультипликациялық индустрияны дамыту және ауылдардағы жастар мен балаларды дамыту үшін мүмкіндіктер жасау сияқты мақсаттарды қамтыды.  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың идеясын қолдайтын осындай жобалар Қазақстанның жас ұрпағын еңбекке   ынталандыруға жақсы себеп болады.