Үкімет • 16 Тамыз, 2023

Абай облысындағы өрт: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мемлекет басшысының 2023 жылғы 11 маусымда Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысындағы өрт: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?

Кеңес барысында Төтенше жағдайлар министрі, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Абай облысы әкімінің орынбасары қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау, төтенше жағдайлардың салдарын жою, орманды қалпына келтіру шараларын ұйымдастыру, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету мәселелері жөнінде баяндама жасады.

епо

Сондай-ақ жиында өрттердің алдын алу және өрт жою жүйесін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту және азаматтық қорғау органдарының кадрлық құрамын нығайту бойынша қабылданған шаралар талқыланды. 

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.