Ауа райы • 30 Тамыз, 2023

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де сақталады. Алдағы үш күнде өңірлерде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ жаууы да мүмкін.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Әсіресе солтүстік өңірлерде күн суытады. Түнгі уақытта ауа температурасы 5-10 градус болса, күндіз 10-18 градус болады деп күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жоғарылайды.