Қоғам • 28 Қазан, 2023

Қазақстандағы ірі телерадиоарналар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты «Хабар» Агенттігінің телеарналарында және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында ойын-сауық жобалары көрсетілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандағы ірі телерадиоарналар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты

Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты «Хабар» Агенттігінің телеарналары және «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты телерадиоарналар эфирінен бүгіннен бастап барлық ойын-сауық бағдарламалар алынды.

Аталған ірі телерадиоарналардың ұжымдары шахтадағы апаттан қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.