«Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың келешегін талқыладық. Сондай-ақ белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өттік.
Біз Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен таныстық», деп жазды Димаш.
Кейінірек Уилсон сарайында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өтті.
«Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Женева алаңындағы жұмыста Қазақстанның басым бағыттарымен таныстым», деп жазды әнші.
Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде халықтың өмір сүрі ұзақтығы 75 жастан асты
Қоғам • Бүгін, 17:51
Қазақстан Еуразиядағы ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуға тиіс - Мемлекет басшысы
Президент • Бүгін, 17:31
Жастарымыз жасампаз және жаңашыл болуы керек - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 17:29
Отандық ғылым саласына озық технологиялар мен идеяларды енгіземіз - Президент
Ғылым • Бүгін, 17:19
Қ.Тоқаев: «Ұлт перзенттерінің бірі әрі бірегейі – Қаныш Сәтбаев»
Президент • Бүгін, 17:10