Спикерлердің айтуынша, Тобыл төрінде болып жатқан маңызды іс-шара көршілес екі мемлекеттің ірі кәсіпорындары мен шағын және орта бизнес саласындағы іскерлік әріптестікті нығайтады. Форумға Ресей Федерациясының 17 субъектісі келген. Олардың ішінде Алтай өлкесінің губернаторы, Башқұртстан мен Кабардин-Балқар Республикасының басшылары да бар. Айта кету керек, екіжақты тауар айналымының 70%-ке жуығы өңірлердің үлесіне тиесілі. Биыл бұл көрсеткіш 27 млрд АҚШ долларына жеткен. Форум аясында өңірлер мен екі елдің компаниялары арасында жаңа келісімдерге, меморандумдар мен өзара тиімді келісімшарттарға қол қойылды. Маңызды іс-шара Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық байланысты, бірлескен сауда-инвестициялық қызмет пен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамытуға серпін береді.
Өңіраралық форумға дәстүрлі түрде екі елдің шекаралас өңірлерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатысып жатыр.
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді
Бокс • Кеше