«ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз», деп жазды Е.Қарин.
2024 жылы халықаралық деңгейде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Көлікті техникалық бақылаудан өткізу саласында заң бұзушылық көбейді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 12:05
Ақмола облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:00
Қытайдың Сыртқы істер министрі Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 11:55
Тасқын қаупі: Атырауда 94 эвакопункт дайын тұр
Аймақтар • Бүгін, 11:50