Ауа райы • 08 Қаңтар, 2024

Қалың қар, боран: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, бүгін Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалың қар, боран: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша, жауын-шашын мен қар жауады. Солтүстікте негізінен қар жауып, боран соғады, ал, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар күтіледі.

Солтүстікте, Ақмоланың оңтүстігінде, түнде Қостанай облыстарының солтүстігінде қалың қар жауады.

Республикада тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.