Қоғам • 15 Ақпан, 2024

11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығынан 11 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық

Фото: «ҚазАвтоЖол» телеграм

Абай облысында - 2 учаске (177 км)

Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км)

Алматы облысында - 1 учаске (84 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км)

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)

Қызылорда облысында - 1 учаске (582 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км)

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.