Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырылған.
«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады», делінген хабарламада.
Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Аудан әкімдігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.
Қызылордада қаржы пирамидасымен айналысқандар сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Қазақ тілі мен тарихын білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді - ІІМ
Заң • Бүгін, 16:17
Көршісінің атынан 6 несие рәсімдеген тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:02
Зерендіде мектеп оқушыларына тамақ қалдықтарын беріп келген
Оқиға • Бүгін, 15:51
Grand Prix: Қазақстан пара дзюдо құрамасы 6 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:48
Қазақстанда әскерилер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 15:33