Қоғам • 27 Наурыз, 2024

Бәрі ойдан құрастырылған: Бишімбаев кінәсін мойындамады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қуандық  Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында Бишімбаев айыптаушы тарап таққан айыппен келіспей, кінәсін мойындаудан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

Бәрі ойдан құрастырылған: Бишімбаев кінәсін мойындамады

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Кінәмді мойындамаймын. Сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққаны ойдан құрастырылған, оның бәрі расталмаған және дәлелденбеген. 110-бап бойынша ешқандай қылмыс жасамадым, мен кінәні мойындамаймын», деді Бишімбаев.
Сот барысында екінші күдікті Бақытжан Байжанов та сөз сөйлеп, оқиға болған күні Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын білмегенін айтты.
«Бейнежазбаларды өшірткенім рас, Салтанаттың ұялы телефонын да үйіне апаруды сұрадым. Бірақ қылмыс жасағанымды білмедім, сол сәтте оның қайтыс болғанын да білмедім», деді Байжанов.