Президент • 28 Наурыз, 2024

Президент БАФ қонақтарын Астана халықаралық форумына шақырды

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент БАФ қонақтарын Астана халықаралық форумына шақырды

Фото: Ақорда

«Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалану арқылы әлемнің келешек даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл ретте Президент Боао Азия форумы және Астана халықаралық форумы (AIF) сияқты маңызды халықаралық диалог алаңдарының практикалық перспективасы зор екенін атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев БАФ қонақтарын 2024 жылдың маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.

Жиында БАФ Директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи, Науру Президенті Дэвид Аданг, Шри-Ланка Премьер-министрі Динеш Гунавардена, Доминика Достастығының Премьер-министрі Рузвельт Скеррит, «Ақсақалдар кеңесі» халықаралық үкіметтік емес ұйымының төрағасы Мэри Робинсон, ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Танг және Камбоджа Корольдігі Халықтық партиясының төрағасы Хун Сен сөз сөйледі.