Теннис • 29 Наурыз, 2024

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Үлкен дулығаның екі дүркін чемпионы Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын 6:4, 0:6, 7:6 (7:2) есебімен ұтты. 

30 наурызда Miami Open турнирінің финалында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Екатерина Александрова (Ресей) мен Даниэль Коллинз (АҚШ) арасындағы текетірестің жеңімпазымен ойнайды.