Қазақстан • 29 Наурыз, 2024

Салтанат Нүкенова Бишімбаев отбасынан 8 рет кетіп қалған

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанат Нүкенова Бишімбаев отбасынан 8 рет кетіп қалған

Фото:instagram/_salta_n

Прокурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевты қанша рет тастап, қайтып келгенін сұрады.

«2023 жылы бұл шамамен 8 рет болды, тіпті одан да көп болмаса», деп жауап берді ол.

Сотта жәбірленушінің ағасы Қуандық Бишімбаев Салтанатты бұған дейін де бірнеше рет ұрғанын айтты. Алғашқы қол  көтергеннен кейін ағасы оны алып кетпек болған, бірақ Салтанат некені сақтап қалғысы келген.

Бүгін сот отырысында Айтбек Амангелді бет-жүзі көгерген Салтанат Нүкенованың фотосуреттерін көрсетті. Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасында болған кикілжіңдер туралы айтып берді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті