Әлем • 29 Наурыз, 2024

«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны 550-ден асты

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны 550-ден асты

Фото: bbc.com/

Бұл туралы ол өзінің Telegam-арнасында жазды.
«Мәскеудегі теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті», делінген жазбада.
 

Михаил Мурашко олардың басым көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілгенін қоса айтты.

Одан бөлек 74 адам федералды мекемелердің ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Үш науқастың жағдайы өте ауыр.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу қаласындағы «Крокус Сити Холл» ғимаратында теракт болды. Лаңкестер мәдени іс-шараға жиналған жұртқа оқ жаудырған.