Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

«Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі»: Роман Скляр Ақтөбеге барды

64 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі»: Роман Скляр Ақтөбеге барды

Фото: primeminister.kz

Соңғы күндері Ақтөбе облысында болған су тасқынынан 237 үй суға кетті, 2870 адам уақытша пункттерге орналастырылды. Өңірдегі апатты-құтқару жұмыстарына Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ішкі істер министрлігі, тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарынан 1700 адам жұмылдырылды.

Өткен түнде еріген қар суы жан-жақтан құйылуы салдарынан Ақтөбе су қоймасы күрт толған соң апатты жағдай орнап, басы артық су жіберіле бастады. Елек пен Қарғалы өзендері деңгейінен асып, жағалаудағы тұрғын үйлерге су кірді. Қазіргі уақытта  қалаға ерекше қауіп төндірген Ақтөбе су қоймасындағы жағдай тұрақтанды. Оның  гидротехникалық қондырғыларынан секундына 1 мың текшеметрден су жіберіліп жатыр.

пн

Премьер-министрдің бірінші орынбасары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайын арнайы құрылатын комиссия қарастыратынын, егер жергілікті бюджет қаржысы жеткіліксіз болса, республикадан қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ тасқын бұзған жергілікті маңызы бар жолдар облыстық бюджет есебінен, республикалық маңызы бар жолдар републикалық бюджет есебінен жөнделетінін айтты. Өткен түні Самара-Шымкент автокөлік жолының 340-шы шақырымында, Ырғыз ауданы Құрылыс елді мекенінің тұсындағы көпірді су шайып кетті. Қазір бұл жерде көліктер өте алмай тұр. 10-12 сағаттан кейін автожолдың зақым келген бөлігінде жол қозғалысы қалпына келтірілмекші.

Кеше Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Қобда аудандарында, бүгін Ойыл ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Алайда өңірде су тасқыны қаупі әлі сейілген жоқ.

 

Ақтөбе облысы