Заң • 29 Наурыз, 2024

Кейбір университеттерде лудомандар үлесі 30-40 пайызға дейін жетеді – депутат

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лудоманиямен күрес бойынша заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Руслан Берденов осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейбір университеттерде лудомандар үлесі 30-40 пайызға дейін жетеді – депутат

«Бүгін «сіздердің заңдарыңыз шыққанша, менің екі досым өз-өзіне қол жұмсады» деген хат алдым. Өзіміздің жерлестерміз жазыпты. Суицидтің 20 пайызы құмар ойынына байланысты жасалады. Бірақ ол көрсеткіш әлдеқайда үлкен. Ажырасулардың 40 пайызы лудоманияға байланысты», деді депутат.

Сондай-ақ мәжілісмен 700-750 мың мектеп оқушының құмар ойын ойнайтынын айтып, осы мәселеге қатысты 8 университетте болғанын алға тартты.

- «Бізде лудомандардың саны өте көп» деген соң, баруға туралы келді. Кейбір университетте лудомандар үлесі 30-40 пайызға дейін жетеді. Бұл тақырыпта әріптестерімізбен қосылып «Одержимость» атты деректі фильм де түсірдік. YouTube-те қаралымы көп. Мәселеге нақты әрі қатал заң қажет. Қазіргі таңда жұмыс істеп отырған алпауыт компанияларға да өте қатаң заң шығаруымыз қажет, - деп қорытындылады Берденов.