Президент • 04 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты», делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.