Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері зардап шеккен азаматтардың үй жануарларын да қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады

Фото: abai.kz

Елдің біраз аумағын шайған қарғын су Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын да алаңдатып отыр. Өңір тұрғындары, еріктілер мен құтқарушылар су тасқынымен белсенді түрде күресіп жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі облысқа қарасты елді мекен тұрғындары эвакуацияланып жатқанын хабарлады.

Сәуірдің 10-на қараған түні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Қанғожинов Сергеев су қоймасында су ағынының азайғанын хабарлаған еді. Алайда су қоймасынан асып төгілген су Петровка, Николаевка ауылдарына жетті.