Аңдатпа • 16 Сәуір, 2024

Аңдатпа: Көрме

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 сәуір - Бүгін Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі жәдігерші Азат Әкім­бектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)» атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

Аңдатпа: Көрме

Фото: @kasteyev_museum

17-21 сәуір - Жәрмеңке

Астана қаласындағы Кон­гресс орталығында дәс­түрлі Еуразиялық халықаралық кітап көр­ме-жәрмеңкесі өтеді. Кіру құны – 500 теңге. Жи­налған қаржы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жі­беріледі.

17 сәуір - Тұсаукесер

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сағадат Ордашеваның «Әппағым» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

18 сәуір - Бейбарыс

Астана қала­сында өте­тін Еуразиялық халық­аралық кітап көр­ме-жәр­меңкесі аясында «Бей­барыс» кітабы таныс­ты­рылады. Аудармашы – Сауытбек Абдрахманов.