Қоғам • 16 Сәуір, 2024

«Қазақтың қуанышы көбейсін»: Жәнібек Әлімханұлы қызыл судан зардап шеккендерге қолдау білдірді

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, отандастарына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақтың қуанышы көбейсін»: Жәнібек Әлімханұлы қызыл судан зардап шеккендерге қолдау білдірді

Фото: ©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Мұхиттың арғы жағында жүрген жерлесіміз су тасқынынан зардап шеккен адамдарға амандық тілеп, уайымдап отырғанын жеткізді.

«Қиындыққа тап болған бауырларыма Құдай жеңілдігін берсін. Қайғының арты қуаныш болғай. Табиғи апаттар азайып, қазақтың қуанышы көбейсін», деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Бақияр Артаев, Ермахан Ибрайымов, Мерей Ақшалов, Жанқош Тұраров, Айдар Шәрібаев сияқты бокшыларымыз да видеоүндеу жолдап, қолдан келер көмегін көрсетіп жатыр.

Ал елдегі былғары қолғап шеберлері ерікті ретінде эвакуациялық аймақтарға да аттанды. Олар суды сору жұмыстарына қатысып, жолдарды тазалап жүр.