Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жыл арқалады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың 55 жастағы күйеуі оқушы қызды зорлап, жүкті қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жыл арқалады

Ал мұғалімдер қызды ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберген.

Прокурор Морозды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

- Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын ретінде үш миллион теңге өндірілді, - деп мәлімдеді Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Ер адам мен оқушы қыздың интимдік кездесулері кемінде үш рет болған. Ол 2022 жылдың маусым айында жүкті болды. Мұны Жаңатас қаласында жасалған УДЗ растады.

Қыз қараша айында түсік жасатқан. Ота жасаған дәрігердің бетін көрмеген.