Ғылым • 17 Сәуір, 2024

«Фараби» обсерваториясы

44 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби» заманауи обсерваториясы ашылды.

«Фараби» обсерваториясы

Халықаралық ғарыш пен ғылым күні­не орай  ашылған орта­лық­ соңғы үлгідегі телескоптар арқылы таңғажайып аспан әле­мімен танысып, зерттеу жұ­мы­сын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ашылу рәсіміне Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұма­ғұлов, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

пит

Салтанатты іс-шарада Жан­сейіт Түймебаев әмбебап нысан ғалымдар мен студенттердің ғылыми жаңалықтарын және ғарыш әлеміндегі бей­мәлім құпиялардың сырын ашатын ғылыми орталық бола­тындығына тоқталды.  Рек­тор­дың айтуынша, «Фараби» обсер­ваториясы студенттерге тәжірибелік сабақтар өткі­зуге, жас ғалымдардың ғылыми зерттеулермен айналысуына арналған. Жаңа нысанда білім алушылар аспан денелерін бақылай алады. Деректерді өңдеу, жинау және тарату, қашықтан басқару, фотометрлерді қолдану тәжі­ри­бесі жастардың ғылыми-зерт­­теу жұмыстарының нәти­же­сін жоғарылатып, алдағы уақытта ірі телескоптармен жұмыс істеулеріне жол ашады.

«Фараби» орталығы оптика диагоналы 12 дюйм және фокустық ұзындығы 3048 мм болатын «Meade LX90-ACF оқу» телескопымен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда қолдан­балы телескоптың үш түрі қойылған. Телескоптар Сатурн, Марс, Юпитер және олардың серіктерін, жұлдыздарды, Ай, Күн жүйесіндегі өзге планеталарды, жақын ғарыштық дене­лерді бақылауға мүмкіндік береді.

Обсерваторияда студенттер үшін тәжірибелік сабақ өткізу жоспарланған. Бұл әдіс білім алушыларға далалық жағдайда білімдерін шыңдауға, еркін форматта сабақ оқулары үшін тиімді болмақ.

Дизайны күмбезді шатыр ретінде жасалған «Фараби» обсер­ваториясы ҚазҰУ қала­шығындағы Әл-Фараби кітап­хана­сы алдындағы ашық алаңға орналастырылды.

 

АЛМАТЫ