Қазақстан • 17 Сәуір, 2024

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды құтқарды. Олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған, деп жазады Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды

Тұрғындар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен, ол суға батып кеткен. Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен әупірімдеп мұнараға жетеді. Қазір отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.