Өнер • 18 Сәуір, 2024

Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге: Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі, қоғам қайраткері Роза Бағланованың тұтынған заттары аукционға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге: Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды

Марқұмның артында қалған ұлы мен келіні еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге ниет білдірген. Осылайша аңыз тұлғаның көзінің тірісінде тұтынған заттарын сатуға шығарған.

- Апаның екі затын аукционға ұсындық. Барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Ұтқан жандарға апамыздың энергиясын берсін! Ырымдап қолғабын киіп, шәлісін жамылып жүрсін!, – деп жазды Роза Бағланованың келіні Марал Тәжібаева.

“Біз екеуміз” фильмінің жабық көрсетілімінде әртістің Louis Vuitton брендінің қолғабы мен құндыз жағалы шәлісі сатылымға шықты. Көрермен түрлі бағаны ұсынып, соңында Құралай Анарбековаға қолғабы, журналист Айнұр Асанбердіге шәлісі бұйырды.