Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Ең асыл қасиет – адалдық

21 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде студенттермен кездесу өтті.

Ең асыл қасиет – адалдық

Кездесудің мақсаты – аймағы­­мыз­да­ғы медиация институттарының қыз­ме­тін жетілдіру, оның тиімділігі, күш пен уақытты үнемдеу, шиеленістерді шешудің тиімділігін түсіндіру, отбасы, еңбек қатынастары және даулы мәселелердің алдын алу, сонымен қатар студенттерге құқықтық, әлеу­мет­тік мәселелер бойынша кеңес беру.

Іс-шараға «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің төрағасы, Халықаралық дәрежедегі тренер-медиатор Ләззат Бақтыбаева, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысып, өңірдегі медиа­ция саласы мен қоғамдық келісімді сақтау, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген жас ұрпақтың қауіпсіз ортада өмір сүруі, адал еңбек, адал табыс жайында сөз сөйледі. Өз кезегінде Ләззат Шайзадақызы медиация саласындағы жаңашылдықтарға тоқталып өтті.

«Медиацяның негізгі мақсаты – бір рет шалыс басқан, халықтық қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтарды тура жолға бағыттау. Өмірінде бір рет қателік жасаған жандарға мүмкіндік бере отырып, оларды қалыпты жағ­дай­ға түсіру. Яғни медиацияның те­тік­терін ұтымды пайдалана білсек, қыз­метте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттесек, ішкі бірлікті бекемдей аламыз. Қазіргі күні отбасылардың басым бөлігінде қаржылық қиыншылықтар бар. Мәселен, несие, коммуналдық төлемдер төлей алмай, қайтара алмай қиналып жүрген отбасылар көп. Осы мәселелердің барлығын медиация тәртібімен шеше аламыз. Несиені уақтылы қайтара алмаған жағдайда, медиация тәртібімен па­йызсыз қайтаруға мүмкіндіктер де қарастырылып отыр. Өздеріңізге мәлім, шет мемкелеттерде ерлі-зайыптылар неке шарттарына отырады. Еліміз заңнамасында бұл көзделгенімен, тәжіри­бе жүзінде қолданылмайды. Десе де азаматтардың арасында некеге тұрған уақытта арнайы келісімшарттар болған жағдайда, медиация тәрті­бі­мен растауға мүмкіндіктер бар. Медиа­ция­мен келісімге келген соң, екі тарап өзде­рі­не міндеттеме алады. Ал мін­дет­те­мені орындамаған жағдайда сотқа жүгінуге толық негіз бар», деді.

Сондай-ақ қазіргі таңдағы меди­ация жұмысымен таныстырып, жастарға медиа­цияның мүмкіндігін түсіндіріп, қандай да бір даулы мәселелер туындаса құқықтық кеңес берілетіндігін, қоғамдық кездесулер өткізіп, әлеуметтік мәселелерін шешуге, медиация кезінде тараптар өкілдерінің арасында қалыпты қарым-қатынастарды сақтап, күш пен уақытты үнемдеу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін, отбасылық соттағы өзгерістер мен медиация саласындағы жаңашылдықтарды атап өтті.

Сонымен бірге студенттер қойған сауалдарға жауап бере отырып, бүгінгі күні медиацияға жүгінушілер саны бірнеше есеге өскендігін алға тартты.