Су тасқыны • 19 Сәуір, 2024

Геодезистер – тасқын аймағында

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су астында қалған өңірлерге геодезистер де қолдан келгенше жәрдем көрсетіп жатыр.

Геодезистер – тасқын аймағында

Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнер­­кәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен Батыс Қазақ­стан, Атырау, Павлодар облыс­та­рындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке гео­дезиялық компаниялардың мамандары арасынан штабтар ұйым­дас­ты­рыл­ған.

Тәжірибелі геодезияшылар Батыс Қазақстан, Атырау облыстарындағы Орал, Атырау қалаларында, Январцево, Көшім, Тайпақ, Индербор, Махамбет, Еркінқала, Жаңаталап ауылдарында 8 өлшеу бекетінде гео­де­зиялық өлшеу жұмыстарын жедел жүргізген. Сондай-ақ олар Павлодардағы Ертіс өзенінде 6 бақылау-өлшеу стансасын үй­лестіруге кіріскен.

Кәсіби мамандар Жайық өзені бойындағы автомобиль жолдарының үйінділерін, бөгет­тің жоғарғы жағын, су басу қаупі бар аймақтарды қорғау үшін орнатылған қоршау үйінділері мен құрылыстарды өлшейді. Сала мамандарының күшімен сыни нүктелер мен қорғалмаған учас­келер айқындалған. Енді оларды нығайтып, қосымша қорғаныш үйінділерін орнату қажет.

Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақ­парат орталығының маман­дары Төтенше жағдайлар минис­тр­лігімен, жергілікті атқару­шы ор­гандармен бірлесіп, тасқынға қар­сы іс-шараларға белсенді араласады.