Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Атырауда құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұрт тасқын суға қарсы жұмылғанда, 5 адам бөгеттегі қапшықтарды ұрлауға кіріскен.

Атырауда құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған.

«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ер адамдардың жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған  қапшықтарды көлікке тиеп тасыған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.