Саясат • 20 Сәуір, 2024

Зиялы қауымның әлеуеті зор

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, Қырғыз Республикасының Батыры, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетқан Шеримкуловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда екі елдің зиялы қауымының рөлін және халықаралық алаң­дар­дағы бірлескен іс-қимыл аясындағы мәселелерді талқы­лады.

Зиялы қауымның әлеуеті зор

Фото: baq.kz

Мәулен Әшімбаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бауырлас елдердің екі­жақты байланысына жоғары дең­гейдегі белсенді диалогтің ық­палы зор. Бұл ретте осы күндері өтіп жатқан Қырғызстан Президентінің Қазақстанға ресми сапары ерекше мәнге ие.

Сұхбат барысында Қазақстан Респуб­ликасы мен Қырғыз Респуб­ликасының Жоғары мемлеке­т­аралық кеңесінің VI отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарға баса мән берілді. Атап айтқанда, екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарттың маңызы сөз болды. Сонымен қатар тараптар парламентаралық диалогті нығайту және саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды кеңейту мәселелеріне де назар аударды.

Сенат төрағасы ғылым, әдебиет, мәдениет, өнер, тарих, руханият салаларындағы ынтымақтастықты дамытуда және түркі әлемінің бірлігін нығайтуда зиялы қауымның әлеуетін пайдаланудың маңызы зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде Медетқан Шерим­кулов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар аясындағы жұмысты жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ортақ мәдени және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу ісінде Ақсақалдар кеңесі аясындағы белсенді өзара іс-қимыл үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше