Қоғам • 23 Сәуір, 2024

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов 1 мамырда іске қосылатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?

фото: pixaboy.com

Президенттің тапсырмасы аясында 1 мамырдан бастап «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады.

Нұрлан Ақшановтың айтуынша, депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайды.

«Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы керек. Соңғы 5 жылда тұрғын үй және тұрғын үйге қатысты операциялар болмауы керек. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна - 20 пайыз. Қарыз мерзімі 19 жылға дейін созылады. Биыл өтінімдер 1 мамырмен 1 шілде аралығында қабылданады. Қабылданған үміткерлерді бағдарлама автоматты түрде іріктейді. Олардың тізімі банктің ресми сайтына жарияланады», деді ол.

«Наурыз» бағдарламасы шеңберінде Астана мен Алматы бойынша баспана құнын 36 млн теңге, өңірлерге 30 млн теңге етіп бекіту ұсынылып отыр.

Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы жылы бағдарлама бойынша 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылатынын айтты.