Алматы • 24 Сәуір, 2024

Құстарға ұя жасады

46 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық мектеп оқушылары демалыс күндерін тиімді пайдаланып, қаладағы саябақтардың біріне мыңнан аса құс ұясын орнатты. Балдырғандарға айрықша жігер берген жоба «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында қанат қағып отыр.

Құстарға ұя жасады

«Family» саябағына жи­нал­ған 200-ден аса жеткіншек Алма­­­т­ы­ тұр­ғындарын тәнті етті. Эко­­­­ло­­гиялық жобаға үн қос­­қан өрендер – қаланың Әуезов ауда­нындағы Damu­Bala шығар­ма­шылық үйір­ме­­лерінің шә­­кірттері. Көк­тем шыға ша­һар­дың әр мектебінде «Құс­тар­ға ұя сыйлайық» челленджі ұйым­дастырылып, оған үн қосу­шылар саны арта түскен. Мектеп аулалары мен басқа да саябақтарда пайда болған құс ұялары көрген жанның көңіліне жылылық ұялатады.

«Бұл акцияның мақсаты – экологиялық белсенділікті насихаттау және өскелең ұрпақты қоршаған ортаны аялау мен қор­ғауға баулу. Құстарға ұя салып, таби­ғат­пен етене сырласқан балдырғандарға белгілі әнші Тоқтар Серіков келіп, алғыс айтып, әнмен шашу шашты. Оқу­шы­ларымыз дән риза», дейді дене­шы­нықтыру пәнінің мұғалімі Айбану Қожабекова.

Оқушылар мыңдаған құс ұясын «Технология» сабағында жа­саған. Айрықша бастама ал­да­ғы демалыс күндері де жалға­сын таппақ.

Еске салсақ, сәуірден бас­тап мегаполисте «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны тұсауын кескен еді. Жобаға сәйкес әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады. Мәселен, қаланың белсенді жастарының басқосуы өтіп, бірнеше экологиялық жоба таныстырылды. Атап айтқанда, қаладағы 11 жоға­ры оқу орын­дары­ның атынан 11 экожоба ұсынылған. Олардың арасында қатты қал­дықтарды қайта өңдеуге, та­мақ қалдықтарын био­тыңайт­қышқа айнал­дыруға, қайта өңделген пластик қал­дық­­тарынан тұр­мыстық зат­тарды өндіруге, көшет отыр­ғызу мен жануарларды қор­ғауға қатысты жобалар қолдау тапқан.

«Біз авторлық шамдарды жасауды қамтитын «ReCyGlass» жобасын таныстырдық. Шыны бөтелкелерді қайта өңдеп, оларды бірегей дизайны бар шамдарға айналдырамыз. Жоба қоршаған ортаға теріс әсерді азайтумен қатар, ластану мәселесіне және тұрақты тұтыну тәжірибесіне көшу қажеттілігіне назар аударады», дейді Нархоз университеті экология факультетінің 4-курс студенті Сая Күншашева.

 

АЛМАТЫ