Қазақстан • 24 Сәуір, 2024

Елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қазақстандағы асфальт-бетон зауыттарын тексерістен өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр

Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

«Биыл жол-құрылысы маусымы су тасқынына байланысты төтенше жағдайда басталды. Бұған қарамастан, ҚР Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК (ЖАСҰО) маусымдық жұмыстарға тыңғылықты дайындалды. Қазіргі кезде Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық асфальт-бетон зауыттарын тексеруді бастады. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ЖАСҰО-ның аймақтарда 15 сынақ зертханасы бар. Биыл жаңадан ашылған облыс филиалдарында тағы 2 зертхана ашу жоспарланып отыр», делінген орталық мәліметінде.

Биылғы маусымда серіктестік мамандары республикалық желіден 10 мың, жергілікті жолдардан 30 мың сынама жол құрылыс материалдарын алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін ЖАСҰО филиалы 1,5 мың инспекциялық тексеріске шығып, 2 жол құрылыс материалдарын іріктеп, сынақтан өткізді.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың соңында 11,4 мың тексеру жүргізілді (республикалық желі – 3,6 мың, жергілікті желі – 7,8 мың), 40,3 мың ЖҚМ сынамасы (республикалық желі – 10,1 мың, жергілікті желі – 30,2 мың) сынақтан өтті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті