Спорт • 24 Сәуір, 2024

Тарихи жеңіс: Қазақстан садақшылары алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Тарихи жеңіс туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тарихи жеңіс: Қазақстан садақшылары алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Фото: ҰОК

Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. 

Одан бөлек, ширек финалда ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген. 

Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қорғады. 

Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған еді.