Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Алматы облысында пара алған судья 4 жылға сотталды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жемқорлық жасаған Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбеков бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында пара алған судья 4 жылға сотталды

фото: ult.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмыс агенттігінің хабарлауынша, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Судья бұл қызметі үшін 2 млн теңге пара алған.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.