Спорт • 25 Сәуір, 2024

Азия чемпионаты: жеңіл атлетикадан күміс медаль түсті

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ-нің бас қаласы Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: жеңіл атлетикадан күміс медаль түсті

Фото: Olympic.kz

Olympic.kz мәліметінше, отандасымыз Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1 метр 76 сантиметр көрсеткішпен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды және өзінің жеке рекордын жаңартты. 

Еске салайық, күні кеше басталған құрлық додасы 27 сәуірге дейін өтеді. Оған 30-дан астам елдің өкілдері жиналған. Еліміздің намысын 42 спортшы қорғап жатыр.