Аймақтар • 28 Сәуір, 2024

Абай облысындағы орман өрті сөндірілді

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Семей орманы» Бородулиха филиалының Дмитрев орман шаруашылығында шыққан өрт сөндірілді, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысындағы орман өрті сөндірілді

Фото: ТЖМ

Тілсіз жау 0,8 гектар аумақты қамтыды.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау ережелерін ескертеді.

26 сәуір күні «Семей орманы» резерватында тағы өрт шыққанын хабарлаған едік.