Қоғам • 30 Сәуір, 2024

«Мектепте есінен танып қалған»: Қарасай ауданында 4-сынып оқушысы көз жұмды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы сабақ үстінде есінен танып, жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мектепте есінен танып қалған»: Қарасай ауданында 4-сынып оқушысы көз жұмды

Фото: qyzylqoga.kz

Ведомствоның хабарлауынша, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы сабақ үстінде өзін нашар сезініп, денсаулығына шағымданған.

«Сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», деді ведоство өкілдері.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті