Қоғам • 30 Сәуір, 2024

Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағында QR код арқылы төлеу қызметін іске қосты

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады, деп жазады Egemen.kz.

Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағында QR код арқылы төлеу қызметін іске қосты

«Қытайда жұмыс істейтін, оқитын және демалатын қазақтар өте көп. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге - бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!», деді Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Қытайдағы Ant International бас директоры Венеция Ли аталған серіктестік екі ел арасындағы саяхат пен сатып алу сапасына оң әсерін тигізеді деп санайды.

«Alipay + Kaspi.kz-ті пайдаланушылардың көбі үшін Қытайдың материк бөлігіндегі мобильді төлемдердің кедергісіз процесін қамтамасыз ету үшін, біздің тұңғыш және Қазақстандағы жетекші үздік Kaspi.kz қосымшасымен серіктестік орнатқанын қуана жариялайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz-ті пайдаланушылар үшін саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологияларымызды дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыра бермекпіз», деді ол.

Сатып алған заттың ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасын ашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік берсеңіз болғаны. Немесе сатушының QR кодын сканерлеуге болады.

Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен білуге болады.