Қоғам • 01 Мамыр, 2024

Ұландықтар бірлік күнімен құттықтады

123 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Бірлік болмай тірлік болмас» демекші, береке мен бірлікті көздеген дана халқымыз ел үшін, жер үшін тірлік етуден жалықпаған. Сол себепті де елімізде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі.

Ұландықтар бірлік күнімен құттықтады

Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бастау алып, 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Аталмыш мерекеге жыл сайын еліміздің аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында, тату-тәтті, береке мен бірлікте тұрып жатқандарын тойлайды.  Бұл - достықтың, бірліктің және жасампаздықтың символы!

Ұлт пен ұлыстың ынтымағын дәріптейтін бұл мерекенің қадір-қасиетін қазақ халқы өте жақсы біледі. Себебі, заманның қиын қыстау күндеріне қарамастан, біздің қазақ халқы өзге ұлт өкілдерін бір үйдің баласындай қабылдап туыс-бауырдай болып кетті. Осы орайда аталмыш мереке қарсанында көптеген ұлт өкілдері қазақ халқымен тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүріп жүргеніне алғысын жеткізеді.

Бүгінде бұл мереке қарсанында еліміздің айбыны болған ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері халқымызға өз құттықтауларын жеткізеді. Осы орайда біз ел айбыны болған Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлерінің құттықтауларын сіздерге жеткізуді жөн санадық. 

Ең алғашқы болып өзінің ыстық ілтипатын білдірген «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Мухатаев Виктор Асанович.

«Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерінің бірі - еліміздің халықтарының ұлтаралық келісімі мен өзара түсіністігі және сыйластығы. Елімізде халықтар арасындағы достық пен бірлік ұғымы өте жақсы бағаланады. Еліміздің көпұлттылығы мен халықтар арасындағы достастығы - еліміздің басты байлығы мен ерекшеліктерінің бірі. Сол себепті де еліміздің Тұңғыш президенті 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп бекіткен болатын. Осы мереке қарсанында еліміздегі барша халықты құттықтай отыра, ынтымақтастық пен бірліктің нығаюын тілеймін. Елімізде береке мен бірлік әрқашан арта берсін», деді ол.

Ал екінші болып    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары Данько Расим Викторович құттықтады.

«Қазақ халқы әрқашанда барлық ұлтқа бауырмалдық танытқан халық. Тарихтағы әрбір кезеңдерде елімізден пана іздеп келген  халықтарды бауырына басып, төрінен орын беріп көмек көрсеткен халық. Осындай көмектің арқасында бүгінде халқымыз бір тудын астында 130 дан астам ұлт өкілдерін жинап тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осы орайда еліміздің бірінші басшысы 1 мамыр күнін Қазақстан халқының бірлігі күні деп бекіткен болатын. Бұл мереке қарсанында бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністі одан әрі жалғасып, еліміздегі татулық әрдайым берік болуын, әрдайым ынтымақтастықтың артуын, бірліктің мәңгі жасай беруін тілеймін», деді ол.
 
П

Келесі  кезекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының аға офицері подполковник Чулкин Анатолий Анатольевич.

«Бірлік бар жерде тірлік бар деп біздің дана халық бекер айтпаған. Ауызбірлік пен түсіністіктің арқасында біздің елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы қалыптасқан. Осының арқасында бүгінде біздің мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Бұл біздің мемлекетіміздің өзінің тәуелсіздігін алған жылдардағы ең үлкен жетістігі десек те артық айтқанымыз емес. Осы орайда мен аталмыш мерекемен құттықтай отырып, ел абыройының артуын, еліміздегі халықтар достастығының нығая беруін тілеймін. Әрқашан береке-бірлігіміз артып, алар асуларымыз көп болсын», деді ол.
Г