Заң • 02 Мамыр, 2024

Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды. Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды

Фото: Жоғарғы Сот

Жоғарғы Сот

Жоғарғы Сот

Мемлекеттік айыптауды Бас прокурордың орынбасары Ә.Қ.Шыңдалиев қолдады.

Осы жылы ақпан айында Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып, өтінішхат берген.

Қарау нәтижесінде Жоғарғы Соттың сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, сотталғанның өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.

Іс материалдарынан анықталғандай, 2014 жылғы 25 маусымдағы сот үкімімен Тоғаев тонау және бандитизммен байланысты кісі өлтіру, шабуыл жасалған адамның өміріне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіретін қауіпті зорлық-зомбылықпен байланысты тонау, сондай-ақ тұрақты қарулы топ құру кезінде, ұйымдасқан топпен, қаруды қолдануы, ұйымдасқан топтың тұрғын үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Тоғаев кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға қарулы шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, сыбайластарымен бірге ерлі-зайыптылардың үйіне басып кіргені анықталды.

Сосын сотталушылар жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның әйелін байлап, ауыр дене жарақатын келтіріп, олардан өздерінде бар ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен.

Талап еткендерін алғаннан кейін олар қылмыс орнынан бой тасалаған.

Тоғаевтың кінәсі сотталғандардың мойындауларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық-биологиялық сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен, тәркілеумен ішінара дәлелденді.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заңды, негізді және әділ болып табылады.