Елорда • 04 Мамыр, 2024

Астананың тағы 7 көшесінде автобус жолағы пайда болады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Себебі City Transportation Systems компаниясы Астанадағы 7 көшеде автобус жолағын енгізеді. Бұл туралы компания хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астананың тағы 7 көшесінде автобус жолағы пайда болады

Фото: kaztag.kz

Жаңа автобус жолағының ұзындығы - 58,6 км болмақ.

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік, Ұлы Дала, Р.Қошқарбаев даңғылы мен Керей Жәнібек хандар, Ш.Айтматов көшелерінде пайда болады.

Жолақтарды бөлу мерзімі мамыр айының соңында жарияланады.

«Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді», делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.

Айта кетейік, Bus Lane жобасы алғаш рет Астанада 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілді: Момышұлы даңғ. Абылай хан даңғ. Сарайшық к. дейін және Бөгенбай батыр даңғ. Уәлиханов к. Сарыарқа даңғ. дейінгі аралықта.

Қазір қалада автобустарға арналған жолақ 27 жол бөлігінде енгізілген. Оның ұзындығы - 100,5 км. 

Соңғы жаңалықтар