Қоғам • 04 Мамыр, 2024

Биылғы су тасқынынан қанша мектеп ғимараты зақымданды?

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрлігі биылғы су тасқыны салдарынан зақымданған мектеп пен балабақша санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы су тасқынынан қанша мектеп ғимараты зақымданды?

Фото: Sputnik/Стрингер

Министрлік хабарлағандай, Қазақстан бойынша су тасқынынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті. Қазіргі уақытта оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша мен 1 колледж жатақханасы бар екенін айта кету керек.