Аймақтар • 06 Мамыр, 2024

Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл сияқты тұрғындары 200 мыңнан сәл артық шағын қаланың өзінде полицейлер отбасылық зорлық-зомбылық бойынша жыл басынан бері 514 фактіні анықтады.

Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген

Фото: kursiv.media

Өткен жылы осы уақыт аралығында 326 факт тіркелген еді. Бұл қылмыс түрінің 60 пайызға жуық өскенін көрсетеді.

«Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жүргізетін әдістемелік түсіндіру жұмыстары өз жемісін беріп отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген қарым-қатынас отбасыда қолайсыздық тудырады. Сол үшін құқыққа қарсы осындай мінез-құлық фактілерін жасырмау қажет», дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әсем Ілиясова.

Жыл басынан бері құқық бұзушыларға қатысты 511 қорғау ұйғарымы шығарылып, сот шешімімен 122 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Осыған қарамастан 56 жанжалқой қорғау ұйғарымын бұзса, 78 адам ерекше талаптарды елемеді. Мұндай тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу түріндегі ықпал ету шарасы қолданылады.

 

ПЕТРОПАВЛ