Қазақстан • 07 Мамыр, 2024

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді ел азаматтары Отан қорғаушылар күні ретінде жыл сайын атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Фото: sputnik.kz

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті жасақталды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

1992 жылдың 7 мамырында ҚР Тұңғыш Президентінің арнайы Жарлығы шыққан еді. Бұл Жарлық бойынша, республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Президенттен басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі қызметіне генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.

7 мамыр Қазақстанда мерекелік демалыс күні болып саналады. Мереке қарсаңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті әскери шендер беру туралы Жарлыққа қол қойып, ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды.

Биыл да Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлаған едік.