Аймақтар • 07 Мамыр, 2024

Сәтбаев университетінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институтында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы атаулы күні университет ардагерлері, офицерлер мен студенттер батырларды еске алып, маңызды мерекені атап өту үшін жиналды.

Сәтбаев университетінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Жиналғандар Әскери кафедрамен байланысы бар және Сәтбаев Университетінің мақтанышына айналған батырларға арналып жасалған «Ел есімі – ел есінде» мемориалдық ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Жиын барысында ардагерлерді құттықтаған Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев: «Инженерлер қашан да Қарулы Күштер элитасының маңызды бөлігі болып, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Сіздердің терең білімдеріңіз бен ерен еңбектеріңіз елімізде тыныштық пен қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етіп отырады», деп атап өтті.

В

Салтанатты іс-шарада университеттің және Әскери іс институтының студенті Алмасбек Әбдіжәми Атырау қаласындағы су тасқынының салдарын жою шараларына белсене қатысқаны үшін және Отан қорғаушылар күніне орай Ғылыми кеңестің шешімімен Алтын медальмен марапатталды.

1940 жылы құрылған Әскери іс институты оқытушыларының да жетістіктері ерекше атап өтілді. Мұнда отанға адал, халқымыздың мақтанышы мен үміті болатын инженерлер 80 жылдан бергі аралықта әскери дайындықтан өтіп келеді. Әскери институттың осынау даңқты тарихы мен Екінші дүниежүзілік соғыс қару-жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды.

О
Мереке
соңында қатысушылар дәстүрлі әскер ботқасынан дәм татып, оркестрдің қатысуымен өткен мерекелік концертті, курсанттар мен әскери жаттығу әдістерін тамашалады.

М

 


АЛМАТЫ