Спорт • 08 Мамыр, 2024

Сары құрлықта топ жарды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-6 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында WKF каратэден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті.

Сары құрлықта топ жарды

Фото: olympic.kz

Жарысқа 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламасында барлығы 7 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Еліміз атынан спортшы, жат­тықтырушы мен төрешілерді қос­қанда барлығы 400-ге жуық адам барды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар төрешісі емтихан тапсырып, өз шеберлігін шыңдады.

Туризм және спорт минис­тр­­­лігі Спортты дамыту дирек­циясының баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, чемпио­нат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.

1. Қазақстан: 39 алтын, 30 күміс, 47 қола; 2. Өзбекстан: 22 алтын, 29 күміс, 58 қола; 3. Түрікменстан: 6 алтын, 7 күміс, 20 қола; 4. Қыр­ғызстан: 4 алтын, 2 күміс, 8 қола; 5. Иран: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола; 6. Тәжікстан: 1 күміс.