Қоғам • 09 Мамыр, 2024

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын, деп жазады Egemen.kz.

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Фото: akorda.kz

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

лл