Аймақтар • 15 Мамыр, 2024

Павлодар облысында көпбалалы отбасы орманда күнелткен

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында орманда өмір сүріп келген отбасы табылды. Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан екі ер адам байқап қалған. Жапан далада балалардың жылаған дауысын естіген ер адамдар бірден полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында көпбалалы отбасы орманда күнелткен

Фото: Скрин. informburo.kz

informburo.kz хабарлауынша табылған отбасы оңалту орталығына орналастырылды. Анықталғандай, олар Қазақстанға Ресейден осыдан 9 жыл бұрын келген екен. Ер адам ресейлік болса, әйел Украина азаматшасы. Содан бері Павлодар облысында тұрған олардың бір де бір құжаты болмай шыққан. Алты баласы бар, үлкені 9 жаста болса, кішісі 2 жаста, ешқайсысы балабақшаға, мектепке бармаған.

Олардың айтуларынша, осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып, жуырда ол жерден шығарып тастаған. 6 балалы отбасының орманда қашаннан бері күнелткені белгісіз.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар балалардың туу туралы куәліктерін және ЖСН, сондай-ақ Қазақстан аумағында уақытша тұруға арналған рұқсат құжаттарын ресімдеуге көмектесіп жатыр.