Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер саны ұлғаяды

Қазіргі уақытта, көпшілікке белгілі, еліміздің денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізілуде. Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады. 

Егемен Қазақстан
15.01.2019 8634
2

Осы бағытта алға қойған міндеттердің бірі – емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғындарға уақытылы сапалы медициналық қызмет көрсету. Бұл, әсіресе, қызмет бабы немесе оқу, т.б. түрлі себептермен Қазақстанның көптеген аймағынан келушілері көп Астана қаласы үшін маңызды. Мәселен, 2018 жылдың соңғы айларындағы көрсеткішті алып қарасақ, емханалардағы жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесі өте көп, 1 учаскеге 2000-нан аса адам тіркелген. Осы және өзге де мәселелерді реттеу мақсатында, алдағы уақытта, яғни 2019 жылы елордамызда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында қосымша учаскелер ашу, сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қосымша орталықтар құру жоспарланып жатыр. Сәйкесінше, учаскелік дәрігерлер мен педиатрлар, мамандар бекітілген кестеге сай ауруларды басқару бағдарламалары мен біліктіліктерін жетілдіреді. 

«Бұл шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы жалпыұлттық жоспарының 42-тармағына сәйкес шығарылған ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың «Өңірлер бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін іске асыру» туралы 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 716 бұйрығы негізінде бекітіледі. Астана қаласында 2019 жылдың соңына дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 68 қосымша учаске ашу және 11 қосымша орталық құру жоспарлануда. Нәтижесінде 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелген тұрғындар саны 1700 шамасында болады. Ал дәрігерлер, яғни дәрігер жүктемесі азайып, медициналық қызмет сапасы артады деп күтілуде. Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқаруды жалғастыра отырып, елорда емханалары мен ауруханаларының қызмет сапасын назардан тыс қалдырмайды», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сонымен бірге, тұрғындар да емдеу мекелерінің қызметін бағалай алады. Ол үшін «Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Осы қосымшаның көмегімен пациенттер емханалар мен ауруханаларды көрсетілген қызмет деңгейін, қабылдауға кеткен уақыт, т.б. өлшемдер бойынша бағалап, өз пікірін еркін жазып қалдыра алады. Өз кезегінде Қор пациенттер пікірін міндетті түрде ескереді және тұрғын халықты да өз денсаулықтарын күтуге шақырады. Өйткені, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмысының алғышарты – дені сау мықты ұлт қалыптастыру.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізіледі. Ол өзін өзі жұмыспен қамтушыларға бағытталған төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын жарналарды біріктіреді. Осылайша, азаматтар уақыты мен қаржысын үнемдеп қана қоймай, болашақта жеке басына қажетті төлемдерден қол үзбейді.

Жанаргүл ҮМБЕТОВА,

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Астана қаласы бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру және олардың өтініштерін

Қарау бөлімінің бас сарапшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу